Семейдегі Юность ауданында экологиялық сенбілік өтті
Семейдегі Юность шағын ауданында экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын қала әкімі Ермак Сәлімовтың семейліктерді Юность ауданында өтетін сенбілікке шақырғанын жазған едік.
Тамыздың 31-і күні қаланың шаруашылық бөлімшелері - "Семей Тазалық" ЖШС, Мельников ЖК, "Арман" және "Нұр" пәтер иелер кооперативтері ауданды жинауға қатысты. Сондай-ақ, акцияға ауруханалар мен емханалардың ұжымдары, әскери қызметкерлер, әкімдік қызметкерлері мен ұстаздар қауымы қолдау көрсетті.
Оқи отырыңыз