KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СШ
509.75 594.67 6.46

ШҚО спортшылары халықаралық жарыстың үш жүлдесіне ие болды

28.08.2019, 11:23 294

Шығысқазақстандық спортшылар батутта секіруден өткен халықаралық жарыстың жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дәлірек айтсақ, Грузияның Батуми қаласында ұйымдастырылған «OjaraOpen-2019» додасында өскемендік жас гимнастар көзге түсті. Жерлестеріміз жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына үш медаль салды. Оның екеуі – алтын. Ал енді байрақты бәсекеде қанжығалары майланған сол спортшыларға тоқталсақ, 17 жастан жоғары атлеттер сайысында Роман Барков топ жарды. Сол сияқты Руслан Сатыга да өз тобында (11-12 жас аралығы) қарсылас шақ келтірмеді.

Тағы бір жүлдеге Дәулет Рахатов ие болды. 15-16 жастағы спортшылар сайысына қатысқан Дәулет күміс жүлдені қанжығалады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу