Өскемендегі "Самал" саябағы ашылды
Бүгін «Самал» саябағының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала тұрғындарының асыға күткен күні де келіп жетті.
Бүгін облыс орталығындағы су жаңа нысанның тұсауы кесілді. Салтанатты шараға облыс басшысы Даниал Ахметов пен қала әкімі Жақсылық Омар, шаһар тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аз уақыттың ішінде халықтың сүйікті мекеніне айналған саябақта волейбол, футбол сынды спорттық ойындар ойналды. Бұдан бөлек келушілер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
– Күнде жұмыстан кейін саябаққа серуендеуге келемін. Ең бірінші рет суға шомылуға келген болатынбыз, жағажайды көргендегі қуанышымызда шек жоқ еді. Самал басқа орындардан қарағанда бөлек. Жаның ерекше тыныш табатын сияқты, – дейді қала тұрғыны Ксения Олейникова.
Спорттық-сауықтыру саябағына келушілер көрікті нысан сыйлаған қала басшылығына өз алғыстарын білдірді.