KZ
Өскемен
+17°
гроза жел 7 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Өскеменде ата-аналар жақтауы жоқ сырғанаққа өз ақшаларына қалқан орнатып жатыр

21.12.2019, 09:42 169

Облыс орталығында  жуықта ғана ашылған «Самал» спорттық-сауықтыру саябағы аз уақыттың ішінде тұрғындардың сүйікті мекеніне айналды. Жаз кезінде суға шомылып, кешкі салқында футбол мен волейбол ойнап мәре-сәре болған өскемендіктер енді міне шаңғысы мен шанасын алып сонда демалып жүр. Алайда, ата-аналар балаларын ойнауға жалғыз жібере алмайды. Өйткені саябақтағы сырғанақтың жақтауы жоқ екен. Бұл туралы шаһар тұрғындарының бірі «instagram»-дағы «osa_uka_vko» паблигына жазыпты.

- Самал саябағы туралы жаңалығыммен бөліскім келіп тұр. Жақтаусыз тұрған сырғанаққа тұрғындар өз ақшаларына қалқан орнатып жатыр. Ұят-ай! Ашуын ашып алып, ұмытып кетті, – дейді жазба авторы.

Қала көшелерін тазалауға студенттер шыққанда, қарға батқан автобусты тұрғындар итергенде үн қатпаған әкімдікке мән-жайды білу үшін хабарласқан едік. Жауап мынадай:

- Қала әкімдігі Республика алаңы мен Комендантка өзені маңында сырғанақтарды жасап жатыр. Ал «Самал» саябағындағы сырғанақ -  жеке кәсіпкерлердікі. Кәсіпкерлер ол жерде коньки, стюб, шаңғыларды жалға береді. Енді тұрғындар шағымынан кейін, әрине біз қалалық ТҮКШ-ке тапсырма беріп, өзіміз жасап береміз, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу