Қарағайлыдағы "су жаңа" үйлер жөндеуден өтетін болды
Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын-үйлердің мәселесі шешілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Семей әкімдігі мәлім етті.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Қарағайлыдағы үйлердің төбесінен шелектеп аққан су жайлы жазған болатынбыз. Мәселе оң шешімін тауып, қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары Амантай Өтелбаевтың нұсқауы бойынша құрылыс компаниясымен кезікті.
– Бұл жаңбырдың суы емес. Тек құрылыс кезінде үйдің төбесінде ылғал қалып қойған. Дизель отынымен үйдің едені мен төбесін кептірейік дегенбіз, бірақ тұрғындар қарсылық танытты. Сол себепті, электрлі жылытқыш арқылы кептіріп жатырмыз. Ылғалды кептірген соң, өз қаражатымызға жөндеуді бастаймыз, – дейді мердігер компанияның директоры Әділет Бордатқанов.