KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Президент жаңғыртуды қажет ететін салаларды белгілеп берді – Эльдар Төлеубеков

5.10.2022, 10:15 221

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңғыртуды қажет ететін салаларды белгілеп берді. ШҚ облыстық Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков осындай пікірде.

– Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында ұжым болып Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Бұл стратегиялық құжатта нақты бағыттар көрсетілген.

Экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала, білім берудің дұрыс жолға қойылуы – осының бәрі қоғамның дамуына тікелей әсер ететін факторлар. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңғыртуды қажет ететін салаларды белгілеп қана қоймай, әрқайсысының әлсіз жақтарын атап айтып, мәселені шешудің жолын да көрсетіп берді.

«Достық үйі» әртүрлі әлеуметтік топтармен және жастармен жұмыс істейді. Еліміздің болашағы жастарға байланысты. Мемлекет басшысы атап өткендей, әркімнің лайықты білім алуға мүмкіндігі болу керек. Ол үшін жастарға түрлі гранттар және қаржылай қолдау қажет.

Біз, этномәдени және шығармашылық ұжымдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, тату-тәтті, бір отбасымыз. Өйткені болашақтың іргетасы береке-бірлік деп есептейміз. Әрбір іс-шараларымыз адамдарды рухани, мәдени байытуға бағытталған.

Жолдауда айтылған бастамалар – бүкіл елге бағдар. Әрине, бастамаларды жүзеге асыру – бізге міндет. «Достық үйінде» жұмыс істейтін институттар – аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ тағы басқалары Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдап, бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі шараларды назарға алып, іске асырады.

Жалпы, еліміздің әл-ауқаты әрқайсымызға байланысты екенін еске салғым келеді. Азаматтық борышымызды адал атқарсақ, ауқымды табыстарға қол жеткізе аламыз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу