KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Пәтерді қалай тез сатуға болады? – Мамандар кеңесі

16.08.2019, 09:05 214

Krisha.kz cарапшылары пәтерді тез арада сатудың жолдарын айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мамандар бірінші кезекте пәтердің нақты бағасын белгілеуге кеңес береді.

– Жылжымайтын мүліктің иесі міндетті түрде пәтерін нақты қанша сомаға бере алатынын білуі керек. Сондай-ақ, ол баға пәтердің өзі лайық болуы керек. Сол үшін пәтерге баға бере алатын мамандарды шақыруға немесе риелторлардың көмегіне жүгінуге болады. Себебі пәтерге баға беретіндер жылжымайтын мүлік нарығындағы барлық өзгерісті және сату-сатып алу шартының қалай жасалып жатқанын жақсы біледі. Баға берген кезде пәтердің жай-күйі, қай санаттағы үй екені, қай ауданда орналасқаны, пәтер саны мен басқа факторлар ескеріледі, – дейді мамандар.

Сондай-ақ сарапшылар пәтерді сатылымға қою кезінде хабарламада міндетті түрде пәтердің суреттерін жариялауға кеңес береді. Айтуларынша, бұл хабарламалардың көрілімін 3-5 есе арттырады.

– Ең маңыздысы – пәтердің құжаттарын дайындау. Барлық қажетті құжатты жинап, нотариуста растап, дайындап қою керек. Әйтпесе ол сату-сатып алу шартын жасасуға кедергі келтіріп, біраз уақыт алады. Пәтер кепілде тұрса, Әділет министрлігі берген құжатты көрсету керек. Қажет болса ХҚКО-ға да бару керек. Мұның барлығына кем дегенде 5 жұмыс күні қажет, – деп ескертеді сарапшылар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу