Қазақстанда неге пәтер қымбат? Сарапшылар түсіндірді
Қазіргі уақытта елімізде пәтерлердің бағасы қымбат. Сарапшылардың айтуынша, олардың құнын салушылар тағайындайды. Оған делдалардың бағасын қосады. Осылайша баспана бағасы жасанды түрде өседі.
«Крыша сайтын алайық. Салушылардың жарнамасын қарайды. Жоғары бағасын көріп, дәл сондай баға қояды. Үйдің ескі екеніне қарамайды. Мысалы, салушыда 12 миллион теңге деп тұр. Өзінің 8 миллиондық пәтерін 12 миллион қылып қояды», – дейді мамандар.
Ал жылжымайтын мүлік агенттігінің мамандары:
«Тұрғын үйдің бағасы материалдар арзан болған жағдайда қолжетімді бола түспек. Үйлер неліктен қымбаттап кетті? Себебі материалдардың құны тым жоғары. Құрылысшылардың жалақысы да аз. Еңбекақылары жақсы болса, материалдарды ұрлап-жырламаушы еді», – дейді.
Айта кетейік, Алматы қаласында эконом-класстағы бір бөлмелі пәтер 11 миллион теңге тұрады. Еліміздің батысында 9 миллионнан басталса, солтүстікте 9 жарым миллион теңге. Ең арзан баға Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр. 7,5 миллион теңге.
Ең қымбат пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласында. Мұндағы бағалар 13 миллион теңгеден басталады.