ШҚО тұрғынының тоңазытқышта тұрған қомақты қаржысы қолды болды
ШҚО тұрғынының тоңазытқышта тұрған қомақты ақшасы жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұлан ауданының тұрғыны тірнектеп жинаған тиын-тебенін қарапайым банкіге салып, тоңазытқышта сақтайды екен. 9 тамыз күні тоңазытқыштағы қаражат қолды болған. Ұрланған ақшаның сомасы – 70 мың теңге.
Ұлан ауданының полиция қызметкерлері істің ізін суытпай, күдікті ретінде 59 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз