ШҚО-да 55 жастағы тұрғын жоғалып кетті
Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданының Солнечный ауылында 55 жастағы Алексей Федорович Попов есімді тұрғын жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алексей 20 шілдеде жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары оны соңғы рет Мир көшесінен көргендерін айтады.
Алексей Попов үйінен жеңіл киініп шыққан. Ерекше белгілері: бойы 163 см, сұр шашты, көзі сұр-көгілдір түсті.
– Әкемнің телефоны жоғалып кеткен күннен бастап өшіп жатыр, – дейді Алексей Федоровичтің ұлы Андрей.
Қандай да бір ақпарат беремін десеңіз, 8-777-316-48-05, 8-776-47-47-317, 8-777-246-60-83 телефон номерлеріне немесе 102-ге қоңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз