KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

"Халифа Алтай" мешітінде Қазақстандағы Ислам мәдениетіне арналған музей ашылды (ВИДЕО)

11.08.2019, 08:15 275

Құрбан айттың алғашқы күнінде өңір жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітінде болып, «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» мұражайының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Музейге ел аумағы мен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бірегей экспонаттар қойылған. Атап айтсақ, мұражай төріне Күлтегін ескерткішінің, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмелері, қазақтың алты қанатты киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерінің шағын макеттері орнатылды.

– Биылғы Құрбан айт мейрамы «Халифа Алтай» мешітінде Қазақстанда бұрын-соңды ашылмаған «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» мұражайының ашылуымен ерекшеленді. Бұл игі іс Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жүзеге асты. Мешіт тек діни құлшылық ететін орын ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүрді, тарихымызды насихаттайтын рухани орталыққа айналуы тиіс. Қазіргі заман талабы да осы, – деді облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы.

Ерте сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына дейінгі тарихты тізбектейтін осынау бірегей мұражайда құнды жәдігерлер мен олардың түпнұсқасынан алынған көшірмелері ерекше көз тартады.

– Бұл музейдің ашылу идеясын бастаған облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы болды, – дейді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы. – Барлығымызды жинап ислам мәдениеті мен қазақ тарихын байланыстыратын бірегей орталық құру идеясын осы кісі айтқан еді. Ол діни және рухани ілімді сырттан емес өзімізден алуды құп көрді. Тапсырма алып, бас-аяғы бірнеше айдың ішінде біз осы мұражайды аштық.
Сондай-ақ алдағы уақытта музейдің сайты іске қосылып, 3D тур жасау мүмкіндігі ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив