KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде автобус аялдамаларының бірі басқа орынға көшіріледі

8.08.2019, 12:31 321

Орталық базар ауданындағы «Березка» дүкенінің алдында жаяу жүргіншілерге арналған жол пайда болды. Жақын арада бұл тұстағы «Байланыс үйі» автобус аялдамасының орны ауысады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаяу жүргіншілерге арналған өткел қала тұрғындарына жолдан өтуге ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін жасалып отыр. Себебі, аялдамадан автобустан түскен адамдар бірден сол тұста жолдан жүгіріп өтіп кетеді екен. Сәйкес жол белгісі кеше таңертең орнатылыпты.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің ақпараты бойынша, енді Passage сауда үйі жағындағы аялдаманың орны ауыстырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив