Құрбандыққа шалынатын малды арнайы нысандардан ғана сатып алу керек
Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі Құрбан-Айтқа санаулы күндер қалды. Осыған орай Семей қаласының Ветеринариялық бөлімі Айт кезінде құрбандыққа шалынатын малдарды арнайы нысандардан ғана сатып алу керектігін айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семей қаласы ветеринариялық-санитарлық ережені сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малды төмендегі мекен-жайлар бойынша алуға кеңес берді:
1. Жеке кәсіпкерлер «Әдебиет», Щорс көшесі 162;
2. «Ақшың» мал сою пункті, Космоновтар көшесі 1;
3. «Северный» ЛСО;
4. Жеке кәсіпкер «Түсіпов.Б» Топографический көшесі 4; (Степной кенті)
5. «Семагрохим» мал сою алаңы Геологический көшесі 1Б;
6. Орталық мешіт ауданы
7. Восточный базар, Өскемен көшесі 2.
Айтпақшы, мерекеге орай жергілікті билік құрбандық шалу орындарын да қарастырып қойған. Қала бойынша ветеринарлық-санитарлық талапқа сай 4 мал сою алаңы әзірленді. Олар:
1. Жеке кәсіпкерлер «Әдебиет», Щорса көшесі 162;
2. «Ақшың» мал сою пункті, Космоновтар көшесі 1;
3. «Семагрохим» мал сою алаңы Геологический көшесі 1Б;
4. Жеке кәсіпкер «Түсіпов.Б» Топографический көшесі 4 (Степной кенті).