KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Елорда әкімдігі қала гимні үшін тағы байқау жариялады

31.07.2019, 12:39 170

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі астана гимні үшін тағы байқау жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазылар алқасының құрамына белгілі композиторлар, ақындар, суретшілер, дизайнерлер мен ұйымдастырушы комитеттің мүшелері кіреді.

«Өз жұмысын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 8 шілдесінен 10 тамызына  дейін жүргізіледі. Гимн кез келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін», - деп жазылған қала әкімдігінің ресми сайтында.

Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 10 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсыруы керек: 1. Толтырылған өтінім. 2. CD-форматында алдын-ала таңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы. 3. «Нұр-Сұлтан қаласының Гимні» мәтіні А4 форматындағы 1 беттен (4-5 шумақтан) аспауы тиіс және электронды түрде BAIKAU.KZ@MAIL.RU поштасына  жолдау қажет. Байқауға бағытталған Гимн  бұрын жарияланбауы тиіс және оның сөзінде республиканың астанасына рухани, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеялары көрсетілуі керек. Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады.

Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Байқауға бұрын жіберілген Гимннің мәтіндері қайта қабылданбайды.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі, 528 кеңсе, «Үздік гимн» номинациясы бойынша. Сол сияқты  55-66-30 нөмеріне хабарласуға болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив