«Сиырларға да романтика керек» - Семейдегі саябақта мал жайылып жүр
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Семейдегі Энергетик ауданында жайылып жүрген жылқылардың тұрғындарға қолайсыздық тудырғанын жазған едік. Сол оқиға қайталанды. Бірақ бұл жолы сиырлар жайылып жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 24 шілде «Түйемойнақ» аралында болған.
– Бүгін саябаққа демалуға келгенбіз, бірақ ішінде сиырлар жайылып жүр. Не күзетші жоқ. Орманда не өрісте жүрсе жарайды, бұл халық демалу үшін жасалған орын емес пе? Гүлдерді де таптап тастады, біз үркітпесек, саябақтың гүлсіз қалатын түрі бар, – дейді бейнежазба авторы Евгения Иванова.
Ал желі қолданушылары болса, «Миллиондаған қаражат бөлінгеннен не пайда, бір-ақ күнде сиырлар отап кетеді», «Мал иелеріне айыппұл салу қажет», «Milka –ға жарнама түсіріп жүрген шығар», «Сиырларға да романтика керек» деген түрлі пікірлер қалдырған екен.