ШҚО-да әкесінің үйінен теледидар ұрлаған жігіт қылмыскер атанды
Семейде әкесінің үйіндегі 300 мың теңгелік теледидарды көтеріп кеткен азаматтың үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға осындан бір апта бұрын болған. Тағы да Семей қаласында. Тәртіп сақшылары қала тұрғыны қоңырау шалған соң, қажетті мекен жайға жеткен. Арызданушыдан түсінікте алып, істің мән-жайын барлаған тәртіп сақшылары баукеспенің алыстан келмегенін түсінген. Солайша көп ұзамай-ақ күдіктінің кім екенін анықтады.
– Күдікті жәбірленушінің 30 жастағы жұмыссыз ұлы болып шықты. Ер азамат теледидарды ломбардқа өткізгенін, ал одан түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады, – деп мәлімдеді Семей қаласындағы ІІБ-ның баспасөз қызметі.
Арызданушының ұлына қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.