KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Saqbol. COVID-19-ға шалдыққандар өзінің жақын жерде екенін жасырын хабарлай алады

8.10.2020, 12:31 137

Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқасқа өзінің жақын жерде екенін басқа адамдарға хабарлауға мүмкіндік беретін Saqbol қосымшасы жасалды. Ол инфекцияны жұқтыру қаупін азайтады деген болжам айтылып отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, бұл инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын дер кезінде оқшаулау мақсатында жасалды. Қосымшаны жасап шығаруға денсаулық сақтау министрлігі де қатысқан.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы жұмыс істейді. COVID-19 тесті оң нәтиже көрсеткен тұрғын соңғы 14 тәулікте екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде өзімен байланыста болған өзге қолданушыларды жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Saqbol қосымшасын қолдану үшін смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді.

 "Барлық қазақстандықты осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-дың таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректерді қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған.

"Оны пайдалану үшін тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды. Осылайша, осы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға көмектеседі", - деп толықтырды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив