KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

15 шілдеде қай өңірлерде ыстық болады?

15.07.2019, 04:21 323

Синоптиктер сөзіне сенсек, Ирак пен Иран аумағынан үздіксіз келіп жатқан ыстық әрі құрғақ ауаның салдарынан Қазақстанда аптап ыстық жалғасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазгидромет» ақпараты бойынша, Ақмола (35-38 градус), Алматы, Жамбыл (38-40 градус), Түркістан (40-44 градус), Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды (40 градус) өңірлерінде қатты ыстық болады. Ал Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 30-33 градус аралығында болмақ және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Сондай-ақ мамандар Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейетінін ескертіп айтты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу