KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

Шығыстың үш спортшысы Әлем чемпионатына жолдама алды

10.07.2019, 09:34 130

Жерлестеріміз алдағы уақытта Италия астанасы Рим қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) өтетін Әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл мүмкіндікке шығысқазақстандық спортшылар Ақтөбе қаласында өткен ел біріншілігінен кейін ие болды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған саңлақтар бәсекесінде Шығыс Қазақстанның облысының спортшылары үш жүлде жеңіп алды. Дәлірек айтсақ, Ерасыл Тілеубаев өз салмағында жеңімпаз атанса, Арман Жетпісов пен Нояна Қадырбекова тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Чемпионат қорытындысы бойынша спортшыларымыз ұлттық құрамаға шақырту алып, жаһандық додада ел намысын қорғау мүмкіндігін иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив