Ұлттық құрамаға "Торпедоның" төрт ойыншысы шақырылды
«Торпедоның» төрт ойыншысы, дәлірек айтсақ, Евгений Рымарев, Аркадий Шестаков, Нұрсұлтан Белгібаев пен Максим Худяков елордада жаттығу жиындарын өткізіп жатқан ұлттық құрама сапында алдағы Әлем чемпионатына дайындалуда.
Осы ретте, ел құрамасына шақырту алған жерлестеріміздің төртеуі де шабуылшы екенін айта кеткен абзал.
Естеріңізге салайық, бірінші дивизионның А тобындағы командалар арасындағы жаһандық дода 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталмыш додада біздің құрамаға Беларусь, Литва, Мажарстан, Оңтүстік Корея мен Словения құрамалары қарсылас атанбақ. Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған құрамалар келер жылы жоғары дивизионда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.