"Туристерді шілденің ортасында қабылдай бастайды" – ШҚО-да сужаңа шипажай
Катонқарағай ауданында тағы бір шипажай салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шипажай Катонқарағай ауылындағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған емхананың жанынан ашылады. Бұл емхана соңғы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Десе де оның кейбір ғимараттары бос тұр.
– Бұл ауруханада екі мәрте болып, аудан басшылығы және кәсіпкерлермен жиналыс өткіздім. Тұрғындар бұл жерде емнің барлық түрін қабылдауы керек. Сол үшін облыс бюджетінен 200 миллион теңге бөлдік. Шипажай ашылғаны жөн болады, – деп, аймақ басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасы, ішкі саясат, туризм және жергілікті әкімдікке тапсырма берді.
Даниал Ахметовтың айтуынша, шипажай шілденің ортасында-ақ облыстың барлық аумағынан туристерді қабылдай бастауы керек.