KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Қыркүйекте қайта келіп тексеремін – Даниал Ахметов

26.06.2019, 05:56 195

Тұрғынүйлер маңының абаттандырылуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтқан облыс әкімі Даниал Ахметов 19-шы тұрғын аудандағы нысандар құрылысын бірінші қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

 Қаныш Сәтпаев даңғылының бойындағы Драма театрының маңында  бой көтерген бес тұрғын үйде қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы басталған құрылыс аяқталуға жақын, ішкі әрлеу жұмыстары - 90, ал сырты – 97 пайызға жеткен. 

–  216 пәтердің 130-ы сатылған екен. 86 пәтер әлі өткен жоқ. Сондықтан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін күтпей сатып алушыларға өздеріңіз шығыңыздар. Аталмыш тұрғын үйлер Семейдің Қарағайлысымен  сапа жағынан бәсекелесуі керек, – деді  Даниал Ахметов.

  Бұдан бөлек, ІІІ санаттағы 12 және 16 қабатты тұрғын үйлерге қатысты бірқатар ескертулер айтқан Даниал Кенжетайұлы тоғыз балдық жер сілкінісі болатын аймақта тұрғынүй салуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, қаланың 19-шы тұрғын ауданданындағы құрылысы аяқталуға жақын бірнеше тұрғынүй кешенінің маңын қалыпқа келтіріп, адамдар тұруға ыңғайластыру қажеттігін айтты.

– 19-шы тұрғын ауданның басты мәселесі неде? Мәселе тұрғынүй кешендерінің тұрғындарды қабылдауға дайын еместігі. Сол себепті аталмыш нысандардың барлығын бірінші қыркүйекке дейін толық аяқтап, маңдарын қоқыстан тазартуды тапсырамын. Жер беті түзетіліп, құрылыс барысында әкелінген конструкциялар толықтай алынуы қажет. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігі. Бірінші қыркүйекте қайтара келіп тексеремін, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив