ШҚО-да жұмысшы топырақ астында қалып қойды
Алтай қаласында су құбыры желілерін жөндеу жұмыстарының барысында мердігер мекеменің қызметкері топырақ үйіндісінің астында қалып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 24 маусымда болған. 23 жастағы жұмысшы орталық аудандық ауруханаға аса ауыр халде жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жігіт гипоксикалық комаға түскен. Себебі топырақ үйіндісінің астында бір сағаттай жатып қалған екен.
Оқи отырыңыз