«BOPE FAIR-2019» Ертістің жағасында
Демалыс күндері Семейде «BOPE FAIR-2019» атты ерекше концерт өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қаладағы әр шаңырақтан жиылған аналар, өз сәбилерін бесікарбаға салып алып, Ертіс жағалауындағы парадқа қатысты. Бүлдіршіндердің шынайы күлкісі жаңбырлы күнде жиылған көпшілікке жайдары көңіл-күй сыйлады.
- Шараға қатыспағандар бармақтарын тістейтінін сезіп тұрмын. Керемет әсер алдым. Немерелерім қасымда болса, олар да келер еді, – дейді қала тұрғыны Жанар Сәрсенбина.
Бесікарба парады қала тұрғындарының жанына шуақ, жүздеріне күлкі сыйлады.
Оқи отырыңыз