Өскемен халқы Жеңіс күні мейрамын тойлап жатыр
Өскемен халқы Жеңіс күні мейрамын тойлап жатыр. Даңқ мемориалының маңына жиылған халықтың қарасы мол, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қаланың әр мектебінен жиылған жас сарбаздар саптық жүріспен жүріп өтті. Қатарда шараға ең жас қатысушы топ – Ахмер орта мектебінің 2-сынып оқушылары да бар.
– Бұл топ биылғы оқу жылында ашылған кадет сыныбының алғашқы мүшелері. Әскери саптық дайындық деген сабақ оқиды олар. Бүгінгі шараға дайындаған әскери жетекші – Әнуарбек Мұқышев, – дейді сынып жетекшісі Роза Рахимжанова.
Оқи отырыңыз