Өскемендегі пандустар мен бесікарбаға арналған жолдардан кемшіліктер анықталды
Өскемендегі пандустар мен бесікарбаға арналған жолдардан кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Жеңіс, Әуезов даңғылдары және Серікбаев көшесіндегі жол жұмыстарының барысын бақылауға алды.
Тексеріс кезінде пандустар мен бесікарба жолдарының мүлдем ыңғайсыз екендігі белгілі болды.
– Талапқа сай жасалмаған жұмыстарды пысықтау ТҮКШ бөліміне тапсырылды. Мердігерлер бүкіл қателікті өз есебінен түзетеді, - дейді қала әкімдігінің өкілдері.
Оқи отырыңыз