«Kurshim-Tour». Құпиясы мол Қиын Керіш пен Марқакөл шақырады!
Құпиясы мол Қиын Керіш пен Марқакөл шақырады, деп хабарлайды Алтайнью тілшісі.
«Сіздерді 21, 22, 23 маусым аралығында өтетін 1, 2 және 3 күндік «Kurshim-Tour» саяхатына шақырамыз. Саяхат бағыты Қиын Керіш – Марқакөл. Табиғаты әсем Күршім, Марқакөл жерінің сұлулығын көзбен көріп, өзіңізге ұмытылмастай демалыс сыйлаңыз! Саяхат бағдарламасы қызықты шараларға толы болмақ. Орын саны шектеулі. Жолдама Өскемен қаласындағы "Нұрлы Саяхат" агенттігінде (Қазақстан 84) беріледі», деп жазды Күршім ауданы әкімдігінің қызметкері Қанат Оралбек Фейсбук желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, жолдама құны қымбат емес. Алғашқы клиенттер мен ұжымдық топтарға жеңілдіктер қарастырылған.
Байланыс телефондары: 8-771 438 99 80, 8-775 806 07 00.
3 күндік «Kurshim-Tour» саяхатының бағдарламасы:
І-күн
1. Қонақтарды Өскеменде қарсы алу;
2. Пароммен жүріп өту;
3. Түскі ас (Күршім ауылында) ;
4. Қиын Керіш шатқалын тамашалау;
5. Қиын Керіште күндізгі және түнгі фотосессия;
6. Кешкі ас;
7. Қиын керіштегі киіз үйлерге қону;
ІІ-күн
1.Таңғы ас;
2.Марқакөлге сапар;
3.Жағажайда суға шомылу;
4.Балық аулудан жарыс;
5.Түскі ас;
6.Табиғат аясында спорттық ойындар;
7.Атпен серуендеу;
8.Күндізгі және түнгі табиғат көріністерінде фотосессия;
9.Кешкі алау басында кәуап пісіру, гитарамен ән айту т.б;
10.Кешкі ас;
11.Көл жағасында қону;
ІІІ-күн
1.Таңғы ас;
2.Фотосессия;
3.Турды қорытындылау;
4.Қонақтарды шығарып салу.