KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Марқакөл жақта төрт-бес қонақ үй жұмыс істеп тұр. Күршімдегі туризм туралы

8.10.2019, 11:09 138

Бүгін облыс орталығы - Өскемен қаласына келіп аймақтық ақпараттық орталықта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен есеп берген аудан әкімі Дулат Қажанов ауданда туризмді дамытуға қатысты қойған тілшілер сауалына осылай деді.

- Күршім, Марқа өңірлерінің табиғаты өте керемет. Соған орай, туризм ең басты салалардың бірі болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен инфрақұрылым болуы керек. Ол дегеніміз, жол, байланыс және тағы басқалар. Оларды жасамай туризм туралы сөз қозғау артық. Қазірдің өзінде Марқакөл жақта төрт-бес қонақ үй жұмыс істеп тұр. Келіп жатқан тұрақты туристер бар. Олар заң аясында балығын аулайды, демалады, серуендейді. Тағы бір тамаша жеріміз - ол Қиын Керіш. Қызыл планетаға ұқсас бұл табиғат сыйын тамашалауға көрші Ресейден келушілер көп. Әрине, бәрін бір күнде шешіп тастаймыз деп айта алмаймын. Барлығы жоспарға сай іске асады. Егер көпір салынып, жол жөнделіп, байланыс жолға қойылатын болса туризм қарқынды дамитын болады, - деді аудан әкімі.

Дулат Зайсанбекұлының айтуынша, ауданда туризмді дамыту бағытында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен бірлескен жобалар қолға алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу