ШҚО-да кітапханаға кіріп кеткен "оқымысты" бұлан еркіне жіберілді
Семейде кітапханаға кіріп кеткен бұлан өзі өскен табиғи ортасына жіберілді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметкері Сәкен Ділдахмет Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Бұл жануардың есту, иіс сезу қабілеті жақсы дамығанымен, көзі нашар көреді. Оншақты метр қашықта қоғалмай тұрған адам болса, байқамай да қалуы мүмкін. Егер мұндай түз тағыларын даладан көрген болсаңыз, жанына жақындамағаныңыз дұрыс болады. Тағы бір ескерте кетерлігі, оларды қашанда назарда бақылап ұстау керек, бұрылып жүріп кетуге бомайды. Артыңыздан шабуыл жасауы мүмкін», деп ескерту жазды ол.
Есетріңіхде болса, осыдан он күн бұрын кітапханаға бұлан кіріп кеткенін жазып едік.