Колледждің сынған мүлкін мен-ақ төлеп берейін - Сәкен Ділдахмет
5 маусым күні Семей қаласындағы спорт колледжінің ғимаратына бұлан кіріп кеткені туралы жазған едік. Жабайы аң терезені шағып, кабельдерді зақымдаған екен. Осы оқиғаға қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ол білім мекемесіне келтірілген залалды өтеп беруге дайын екенін жеткізіп отыр.
- Жабайы аңның қалаға кіргені жақсы. Семей қаласының құрметті тұрғындары! Бұланды қорғаңыздар! Батыстағы мемлекеттерде жабайы аңдар адамдардың арасында емін-еркін жүре береді. Мен бұл колледжге келтірілген залалды өтеп беруге дайынмын, - деп жазады Сәкен Ділдахмет Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.