KZ
Өскемен
-19°
туман жел 2 м/с, З
510.18 601.91 6.51

Әлеуметтік желіні "жарған" суреттің кейіпкерлері тағы бір мәрте кездесті

15.06.2019, 04:27 226

Әлеуметтік желіде кең таралған суреттегі жауынгер мен қыз бала тағы бір мәрте кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жолғы кездесу кездейсоқ емес.

– Ұлттық Ұланның жауынгері Шәміл Хасанов бізді тосынсыймен күтіп алды. Қызыма – тәттілер мен қуыршақ, ал маған бір құшақ гүл сыйлады. Сондай-ақ оның қызметтестері бізге гитарамен ән салып берді. Рахмет, жігіттер! – деп жазды кішкене қыздың анасы Саяжан Досжанова өзінің Инстаграм және Фейсбуктегі парақшасында.

Саяжан Досжанованың жазуынша, Шәміл мен Айлин (қыздың аты - Айлин) әуен ырғағымен би де билеген екен.

Жоғарыдағы фото Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг кезінде түсірілген еді. Анасы мен қызы сайлау учаскесіне барған, бірақ ол жер қоршауда болыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу