KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, В
497.26 525.21 4.97

Семейдегі балабақшада 2 жасар бүлдіршінді аяусыз ұрған

18.06.2022, 15:33 127

Семейдегі жекеменшік балабақшалардың бірінде 2 жасар бүлдіршінді оңдырмай ұрып-соққан. Бұл туралы қыздың анасы әлеуметтік желіде жазып, дабыл қақты, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға Семей қаласында болды. Балабақшаға бергеніме 10 күн болмай қызымды ұрып-соқты деген тұрғын өз мәселесін әлеуметтік парақшасында жазды. Ол қаладағы "Жұлдыз-Ардақ" жекеменшік балабақшасына әлеуметтік желідегі оң пікірлерді оқығаннан кейін 2 жасар қызын берген. Бірақ 10-шы күні кешке баласын ұйқыға жатқызар кезінде, денесінің кей тұстары көгеріп тұрғанын байқапты.

Сол жақ жамбас тұсындағы 3 саусақ ізін және оң жақ жамбастан үлкен домалақ көгерген тұсты байқадым. Бірден денесінің барлық жерін тексеру барысында екі тізесінен, оң жақ шынтағынан, кіндіктен төмен тағы көгерген жерлерін көрдім. Масқара, — деп жазды Айарудың анасы.


Тіпті мұнан кейін тыныш қана заң жүзінде бұл жағдайды шешуге бел байлаған. Бірақ балабақша әкімшілігі "өздеріңіз ұрған шығарсыздар" деп кінәлағаннан кейін, амалсыз әлеуметтік желіде жазғанына тоқталыпты.

24 жастағы келіншек баласының дене жарақатын алуына байланысты арызданды. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әкімшілік тексеру жұмыстары жүргізілуде,

— деді ШҚО облыстық ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу