KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 4 м/с, В
515.02 604.22 6.5

Семейліктер полиция басшылығына алдын-ала жазылусыз-ақ жолыға алады

14.06.2019, 11:19 3 512

Семейліктер 14-15 маусым күндері алдын ала жазылусыз полиция басшылығымен жолыға алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция департаменті басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары, арнайы "мобильдік" қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың сұрақтарына жауап береді, – дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жергілікті полиция басқармасының мәлімдеуінше, қабылдау:

14 маусым сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Затаевич көшесі, 6 "Яна" сауда орталығы ауданында

15 маусым күні сағат 09:00 – ден 19:00-ге дейін-Қабанбай батыр көшесіндегі Beeline-орталығының ауданында өтетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу