Өскемен полицейлері жол бойында тұрып тұрғындардың сауалына жауап береді
Өскеменнің полиция қызметкерлері жол бойында және үйлердің ауласында тұрғындарды қабылдап, олардың сауалдарына жауап береді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш акция 16-17 тамыз аралығында өтеді. Екі күн бойы әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің аға басшы құрамы халықпен дидарласып, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап береді.
Жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне патрульдік полицияның, учаскелік полиция инспекторларының, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және мәжбүрлі полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтар қоюға болады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат алуға мүмкіндік туады.
Көші-қон полициясына көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер: көші-қон заңнамасын ресімдеу, визалар, паспорттар туралы сұрақтарды қоюға болады
Әкімшілік полицияға автокөлікті ауыстыру, жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша сұрақтар қойып, жол белгілерін орнату және жол өлшемдеріне қатысты ұсыныс айтуға болады.
Мобильді қабылдау бөлмелері таңғы сағат 9: 00-ден 19: 00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Оған қоса, акция аясында ШҚО ЖК 8 (7232) 23-46-93 Call-орталығы жұмыс істейтін болады.