Семейде 14 маусым күні су ішуге қатаң тыйым салынады
Семей тұрғындарының құлағына алтын сырға. Маусымның 14-і сағат 20.00-ден 15-і сағат 6.00-ге дейін су ішуге қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы, «Семей Водоканал» мәлімдеп, мемлекеттік кәсіпорындар мен қала тұрғындарынан кешірім өтінген. Аталған күндері қаланың оң және сол жақ жағалау бөліктерінде сумен жабдықтау желілерін шаю мен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан, екі күнге жететін су қорын дайындай беріңіздер.
Оқи отырыңыз