Семейде 25-ші қыркүйек күні су ішуге қатаң тыйым салынады
Семей тұрғындарының құлағына алтын сырға. Қыркүйектің 25-і сағат 20.00-ден бастап 26-сы сағат 20.00-ге дейін су ішуге қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы «Семей Водоканал» мәлімдеп мемлекеттік кәсіпорындар мен қала тұрғындарынан кешірім өтінді.
Аталған күндері қаланың сол жақ жағалауында сумен жабдықтау желілерін шаю мен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан, бір күнге жететін су қорын дайындай беріңіздер.
Оқи отырыңыз