Қазақстанда АЭС құрылысын зерттеу кезеңі жүріп жатыр
Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы мүмкіндігін зерттеу кезеңі жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынын кейін тілшілерге Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда атом стансасы құрылысы бойынша ешқандай шешім қабылданбағаны туралы тағы да қадап айтамын. Қазақстанда біз станса құрылысының мүмкіндігін зерттеу кезеңін атқарудамыз. Оның ішінде технологияларды өндіретін елдерден тиісті мәліметтерді сұрастырудамыз. Бұл тұрғыда техникалық сипаттамалар, баға деңгейі бойынша зерттеу жүруде», - деді Бозымбаев.
Оның сөзіне қарағанда, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» компаниясы бұл мәселені пысықтағаннан кейін, оны қоғам талқысына шығару мүмкіндігі болады.
«Өздеріңіз білесіздер, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге сапары барысында бұл мәселе қоғамдық пікірді ескере отырып шешілетінін айтты», - деді ведомство басшысы.