ШҚО-да әскери қызметкер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды (видео)
Әскери қызметкер жаралы құсты Катонқарағай ауданынына қарасты Берел ауылының маңынан тауып алған екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желідегі парақшасында жазып отыр.
- «Өрел» шекара комендатурасының ефрейторы Родион Абрамов шекараны күзету кезінде жолдың бойынан жараланған құсты тауып алған. Ол құсты Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тапсырады. Aquila heliaca тұқымдас қарақұс Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген», - дейді Сәкен Ділдахмет.
Бірнеше күннен кейін ем-дом алған құс еркіндікке жіберіліпті.
Ал оның құтқарушысы Родион Абрамов ұлттық парктің алғыс хатымен марапатталды.