Өскеменде бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды
69 жастағы Александр Тарлыковтың жоғалып кеткені туралы жазған едік. Ол 29 мамырда үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Бүгін ер адамның табылғаны ьелгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Александр Тарлыковты іздеу жұмыстарымен қазір еріктілер тобы айналысқан еді. Оны өзінің туған қызы іздеу салу туралы бағыттама парақтарын таратып жүргенде дүкеннен кездестіріп қалған.
Анықталғандай, Александр Тарлыков дін-аман екен. Сол күні таныстарын кездестіріп қалып, бірге қыдырып кетіпті.
Оқи отырыңыз