KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Катонқарағайға бірнеше мемлекеттен суретшілер келіп жетті

4.06.2019, 03:51 137

Катонқарағайға әлемнің әр түкпірінен (Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан) суретшілер келіп жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Плэенер өңірімізде былтыр өткен еді. Соның нәтижесінде өнер музейінің қоры 100-ден астам картинамен толыққан-ды. Десе де биылғы плэенердің жөні бөлек. Себебі халықаралық деңгейде облысымызда бірінші рет ұйымдастырылуда. Әлемнің әр түкпірінен келген суретшілер табиғатымызды біз байқамаған соны қырынан көрсетіп, тамаша тарту қылады деп сенеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

«Ұлы дала палитрасы» деп аталған бұл плэенер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында өтуде. Оған облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен өнер мұражайы ұйытқы болып отыр. Суретшілер 4-11 маусым аралығында Катонқарағайда, нақтырақ айтсақ «Рахман қайнары» шипажайының маңында жұмыс істейді.

Қорытынды көрме 13 маусымда Өскемендегі өнер музейінде болады. Вернисаж аяқталғаннан кейін пленэр қатысушылары "Жастар" саябағында жас суретшілерге шеберлік сабағын өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу