KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

"Ұлы дала палитрасы" ШҚО-ға әлемнің әйгілі суретшілері келе жатыр

30.05.2019, 05:39 188

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, ағымдағы жылдың 3 мен 14 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан өнер мұражайы ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен "Ұлы дала палитрасы" халықаралық суретшілер пленэрінің жобасын жүзеге асырады.

Халықаралық пленэрге алыс және жақын шетелдерден (Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан) және Қазақстаннан 20 суретші қатысады.

Өскеменде, 3 маусымда сағат 15.00-де "Дедеман" қонақ үйінің конференц-залында пленэр қатысушыларымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

4-11 маусым аралығында суретшілердің Алтайдың жүрегінде, "Рахман қайнары» шипажайының аумағында тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік алып, Катон-Қарағайдың қайталанбас пейзажының этюдтарын жазатын болады.
13 маусымда сағат 14.00-де ШҚ өнер мұражайында суретшілердің журналистермен кездесуі, сағат 15-де облыс әкімінің қатысуымен "Ұлы дала палитрасы" пленэрінің қорытынды көрмесінің салтанатты ашылуы, суретшілерді марапаттау рәсімі. Вернисаж аяқталғаннан кейін сағат 16.30-дан 18.00-ге дейін Өскемен қаласының "Жастар" саябағында балғын және жас суретшілерге пленэрге қатысушылардың шеберлік сабақтары, жастар Арбаты, театрландырылған қойылым, көрме-жәрмеңке өтеді.

Халықаралық пленэрдің Шығыс Қазақстанның мәртебесін көтеруде маңызы зор. Бұл арқылы Шығыс Қазақстан өнер музейінің қоры жаңа көркемсурет туындылармен толықтырылады. Сондай-ақ, Ұлы Даланың ежелгі мәдениеті мен көркем табиғатын кескіндеме арқылы насихаттаушы шетелдік достар табамыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу