KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-ға көркемсурет пен археология орталығы қажет

13.06.2019, 12:00 172

ШҚО орталығындағы Өнер мұражайына «Ұлы дала палитрасы» халықаралық плэнерінің қорытындысы шығарылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов әлемнің түкпір-түкпіріне жиналған плэнер қатысушыларының туындыларымен танысып, жоғары баға берді деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 4-маусым күні облысымызға әлемнің 10 мемлекетінің (Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан) 20 суретшісі келіп, өр Алтайдың төріне – Катонқарағай ауданына аттанған болатын. Алты күнге созылған сапар барысында қылқалам шеберлері ондаған туындыны дүниеге әкеліп, Өскемендегі Өнер музейінің қоры жаңа картиналармен толықты.

- Осы плэнерден тамаша әсер алдым. Биік таулар, мөлдір бұлақтар,тұмса табиғат... Сұлулықтан көз тұнады. Мұндағы халықтың кең пейілдігі мен қонақжайлығының сырын ұққандай болдым. Көз алдымдағы бейненің бәрін қағазға түсіргім келді. Осы уақыт аралығында төрт картина келді дүниеге. Оның барлығы Алтайға, оның ғажайып табиғатына арналады. Бізді осындай қуанышқа бөлеген қазақ еліне алғыс айтқам келеді,-дейді өзбекстандық суретші Надир Бобосурадов.

«Ұлы дала палитрасы» деп аталған пленэр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында өтіп жатқандығын атап өткен жөн.

- Біздің ғажайып табиғатымыз бен киелі жерлерімізді туындаларына арқау еткен қылқалам шеберлерінің өнері көпшілікті де тәнті етті деп ойлаймын. Әлемдік және отандық суретшілердің бір шығармашылық алаңда жұмыс істеп, тәжірибе алмасуы еліміздің көркемсурет өнері салысының дамуына үлкен үлес қосқаны анық. Алдағы уақытта шығыста көркем сурет өнері мен еліміздің археологиялық тарихы үндескен орталық құруды қолға алуымыз керек. Мұндай орталық Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында бар. Оған біздің бай тарихымыз бен шығармашылық әлеуметіміз де жетеді,-деп атап өтті облыс басшысы.

Өнер мұражайындағы көрмеден кейін қылқалам шеберлері Жастар саябағында мастер-класс ұйымдастырды. Сондай-ақ саябақта серуендеп жүрген тұрғындар кәсіби суретшілерге портреттерін салғызуға мүмкіндік алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу