Өскеменнің әлеуметтік қызмет бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Басшылыққа Әйгерім Мусина тағайындалды.
Әйгерім Қайырдықызы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Экономика магистрі ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2010 жылы ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бастады, онда еңбек нарығын талдау және мониторинг бөлімінің маманы, бас маманы, бастығы қызметтерін атқарды.
Қала әкімі Жақсылық Омар жаңа басшыға азаматтарды жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.