KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Өскеменнің ішкі саясатына жаңа басшы келді

24.04.2019, 09:54 138

Қалалық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ол бұрын Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы лауазымында жұмыс істеген Индира Қалжабаева.

Индира Гадылшиновна - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар: педагогикалық және заңгерлік. Оның еңбек өтілі 30 жылдан астам, оның 16-сы мемлекеттік қызметте өтті.

Еңбек жолын 1988 жылы Ново-Явленка орта мектебінде мұғалім, кейін директордың орынбасары болып бастады. Мемлекеттік қызметті 2002 жылы қалалық білім бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

Жаңа басшыны ұжымға таныстыра отырып, қала әкімі Жақсылық Омар жетекшілік ететін салалардағы жұмысты жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу