KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Алтай» «Астана-Аренада» жеңіске жетті

31.05.2019, 11:35 111

Семейлік «Алтай» футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде кезекті жеңісін тойлады. Чемпионаттың тоғызыншы турында Нұр-Сұлтанда жергілікті «Астана-Жас» командасымен кездескен жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл шығысқазақстандық ұжымның чемпионат аясындағы жетінші жеңісі болды.

Елорданың «Астана-Арена» стадионында өткен матчта семейлік команда айтарлықтай басымдыққа ие болды. Төрешінің ысқырығы естіле салысымен ойын тізгінін өз қолдарына алған Сергей Тимофеевтің шәкірттері кездесудің 18-ші және 52-ші минуттарында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Бұған алаң иелері бір-ақ доппен жауап қайырды.

Бір айта кетерлігі, бұл ойындағы «Алтайдың» екі голы да жартылай қорғаушы Сергей Дудкиннің еншісіне жазылды.

Осы жеңісінен кейін қоржынында 23 ұпайы бар семейлік команда көш басындағы орынын нықтай түсті. Келесі кездесуін жерлестеріміз 16 маусым күні өз алаңында оралдық «Ақжайық» футболшыларымен өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив