KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Алтай» алға шығып, қарсыластарынан ұзай түсті

17.05.2019, 04:28 206

«Алтай» қарсыластарынан ұзай түсті. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының көшін бастап тұрған семейлік ұжым кезекті турда Қызылорда қаласында жергілікті «Байқоңырмен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – шығысқазақстандық ұжымның чемпионат аясындағы бесінші жеңісі. Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын жерлестеріміз негізгі қарсыластарының бірі шымкенттік «Академия Оңтүстік» командасын 3:0 есебімен талқандаған болатын.

Қызылорданың Ғ.Мұратбаев атындағы стадионында өткен матч та семейлік команданың басымдығымен өтті. Алайда бұл ойындағы есепті алаң иелері ашты. Гол Тұрарбек Қуанышбековтің еншісінде. Дегенмен бұдан кейін тек алтайлықтар көзге түсті. Сергей Тимофеевтің шәкірттері кездесудің 15-ші, 70-ші және 90-шы минуттарында қарсылас қақпасынан саңылау тауып, матчты өз пайдаларына аяқтады. Нәтижелі соққылардың авторлары – қорғаушы Константин Бернацкий, жартылай қорғаушы Сергей Дудкин мен шабуылшы Алтынбек Түлеев.
Осы жеңісінен кейін қоржынында 17 ұпайы бар «Алтай» көш басындағы орынын нықтай түсті. Жерлестеріміз екінші және үшінші орындардағы «Қайрат-Жастар» мен «Каспийден» үш ұпайға алда тұр. Келесі кездесуін алтайлықтар 26 мамыр, жексенбі күні өз алаңында дәл сол екі ұжымның бірі алматылық «Қайрат-Жастар» футболшыларымен өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу