KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

«Алтай» сегізінші жеңісіне жетті

17.06.2019, 04:35 169

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының көшін бастап тұрған «Алтай» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл шығысқазақстандық ұжымның чемпионат аясындағы сегізінші жеңісі болғанын айтқан жөн.

Семейдің «Спартак» стадионында өткен матчтағы есеп 25-ші минутта ашылды. Гол соңғы кездесулерде нәтижелілігімен көзге түсіп жүрген Сергей Дудкиннің еншісінде. Бұл «Алтай» жартылай қорғаушысының биылғы біріншіліктегі алтыншы добы болды.

Кездесудің 36-шы минутында семейліктер есепті 2:0-ге жеткізді. Бұл жолы қорғаушы Вячеслав Сердюковтың қанжығасы майланды. Қалған уақытта қарсыластар бірқатар қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Осы жеңісінен кейін қоржынында 26 ұпайы бар «Алтай» көш басындағы орынын нықтай түсті. Жерлестеріміз екінші орындағы ақтаулық «Каспийден» бес ұпайға озып тұр. Келесі кездесуін жерлестеріміз 23 маусым, жексенбі күні қонақта «Ақтөбе-Жас» командасымен өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив