KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да «Тұрғысын» ГЭС-індегі құрылыс нысандарын су басты (ВИДЕО)

21.05.2019, 17:27 204

Бүгін Тұрғысын өзенінде су деңгейі көтеріліп, су электростанциясындағы бірнеше нысанды су басты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Анықталғандай, су деңгейі кеше түнгі уақытта біртіндеп көтеріле бастаған.

Судың қатты ағысы құрылыс материалдарын ағызып, техника мен вагондарды басып кеткен. Әбүйір болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

 «Тұрғысын 1» ЖШС директоры Қалаубек Баймұханбетовтың айтуынша, су деңгейінің күрт көтерілуіне биік тауларда мореналық көлдердің жиналып қалуы себеп болған. Жауын-шашынның салдарынан таудағы қар еріп, бірнеше суқойма арнасынан тасып кеткен көрінеді.

Қазір су ағысының жылдамдығы секундына 800 текше метрді құрады. Қалыпты жағдайда секундына 300 текше метр болу керек. Судың деңгейі 18 сағат бойы төмендемей келеді. Жергілікті тұрғындар мұндай тасқынның соңғы жылда болмағанын айтады.

ГЭС-тің өзіне зақым келмеген екен. Алайда станцияның төменгі жағында орналасқан ауылдардына су басу қауіпі төніп тұр. Қазір құрылысшылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге жәрдемдесуде.

Мамандар ГЭС-тегі суды сору жұмыстары бірнеше күнге созылатынын айтып отыр. Одан кейін құрылыс жұмыстары қайта жандандырылады. Айта кетсек, маңызды энергетикалық нысан ағымдағы жылы қыркүйек айының соңында іске қосылуға тиіс еді. Кәсіпорын директоры Қалаубек Баймұханбетов станцияны белгіленген мерзімге сай іске қосу үшін бар күштерін салуға уәде берді.

Бейнежазбалар әлеуметтік желіден алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу