22 мамырдан бастап "Өскемен – Нұр-Сұлтан" пойызы басқа жолмен жүреді
Риддер – Өскемен – Нұр-Сұлтан пойызының жүру жолы өзгерді. Кестесі де басқаша құрылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы айтты.
Баршаға мәлім, пойыз осыған дейін Ресей шекарасын (Семей-Локоть-Өскемен бағытында) айналып жүрген еді. Осыған байланысты жүргіншілер тарапынан талай наразылық айтылған болатын. Мәселе Индустрия және инфрақұрылымдық дам минситрлігі Көлік комитетінде, ШҚО әкімдігінде де бірнеше мәрте қаралды.
Нәтижесінде пойыз 22 мамырдан бастап Риддер – Өскемен – Шар – Семей арқылы аттанатын болды астанаға.
Ал пойыздың келу-кету уақытын "105" нөміріне хабарласып білуге болады. Стационарлы телефоннан қоңырау шалу тегін екенін ескертеміз.