Өскеменде қоқыс өртеген қала тұрғындары жауапқа тартылды
Өскемен қалалық ТЖ инспекторлары саяжайларда рейд жүргізу барысында қоқыс өртеп жатқан екі тұрғынның үстінен түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш рейд "Титан", "Восточник-6", "Металлург-3" и "Восточник-5" саяжай алабының аумағында жүргізілген екен.
Қоқыс өртеген тұрғындарға қатысты хаттама толтырылып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Айта кетсек, қазір өрт жиі орын алатын мезгіл болғандықтан мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. Себебі, тұрғындар өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерді сақтамайды екен. Әсіресе, шөп басып, қараусыз қалған саяжай учаскелерінде өрт қауіпі аса жоғары. ТЖ басқармасы осы мәселені шешу мақсатында қалалық әкімдікке жүгініп отыр.